Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында полицейлер жас сақшыларға экскурсия өткізді

Абай облысында полицейлер Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай “Жас сақшы” кадет сыныптарына арнап экскурсия өткізді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысында Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойына орай ерекше іс-шара өтті. Облыстық тарихи-өлкетану музейінің "Ерлік пен еңбек даңқы" бөлімінде полиция қызметкерлері мен “Жас сақшы” кадет сыныбының оқушылары үшін танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – жас буынға Отанға деген сүйіспеншілікті, елге қызмет етуге деген құрметті дәріптеу, сондай-ақ батырлардың ерен еңбегі мен ерлігін жадымыздан шығармау мақсатында болды.

Экскурсия барысында музей қызметкерлері қатысушыларды еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек еткен батырлар мен ішкі істер органдары ардагерлерінің өмір жолымен таныстырды. Әрбір батырдың ерлігі, олардың қиын-қыстау сәттерде көрсеткен батылдығы мен қайсарлығы туралы әсерлі әңгімелер айтылды.

Оқушылар тарихи жәдігерлерді – ардагерлер қолданған әскери киімдер, марапаттар, құжаттар, фотосуреттер мен жеке заттарды тамашалады. Бұл экспозициялар жас жеткіншектерге өз елінің тарихын, оның тәуелсіздігі үшін күрескен ерлердің ұлы ерлігін түсініп, құрметтеуге септігін тигізді.

Сонымен қатар оқушыларға патриотизмді, адал қызмет етуді, Отан алдындағы жауапкершілікті дәріптейтін тарихи жәдігерлер, құжаттар мен фотоматериалдар көрсетілді. Жас кадет сыныптары әскери және құқық қорғау қызметкерлерінің күрделі әрі құрметті еңбегімен тереңінен танысып, үлкен әсер алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру