Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында полицейлер жас таэквондошыларға қауіпсіздік сабағын өткізді

Абай облысында полицейлер жас таэквондошыларға қауіпсіздік сабағын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей қаласындағы балалар спорт мектебінде құқық бұзушылықтың алдын алу және балаларға есірткі заттарының зияны туралы тұрақты түсінік қалыптастыру мақсатында кезекті қауіпсіздік сабағы өткізілді. Іс-шараны Абай облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұйымдастырды.

Кездесу ашық диалог форматында өтті. Тәртіп сақшылары жас спортшыларға есірткінің зияны, тәуелділіктің қалай қалыптасатыны, сондай-ақ оларды қолдану, сақтау және тарату үшін көзделген заңды жауапкершілік туралы түсіндірді. Сонымен қатар полиция қызметкерлері қауіпті жағдайларды дер кезінде ажырату және көмекке кімге жүгінуге болатынын атап өтті.

Спортпен шұғылдану, белсенді өмір салты және тәртіп жасөспірімдерге қауіпсіз жолды таңдауға және жағымсыз әсерлерге қарсы тұруға көмектесетіні ерекше атап өтілді. Жас таэквондошылар талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті. Осындай профилактикалық сабақтар оқу және спорт мекемелерінде балалар мен жасөспірімдерді құқыққа қайшы әрекеттерге тартудың алдын алуда полиция жұмысының маңызды бөлігі.

Абай облысы полиция департаменті жастар арасында денсаулыққа және болашаққа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған профилактикалық іс-шараларды одан әрі жалғастырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру