Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында полицейлер жасөспірімдерге жол қауіпсіздігі сабағын өткізді

Абай облысында полицейлер жасөспірімдерге жол қауіпсіздігі сабағын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері "Жас сақшы" полиция сыныбының оқушыларына жол қозғалысы ережелері мен заңнаманы оқып-үйренуге арналған арнайы сабақ өткізді. Оның басты мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауатын арттыру, жолдағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және балалардың қауіпсіздік дағдыларын жетілдіру.

Сонымен қатар сабақ барысында құқықтық тәрбие берудің маңыздылығы мен қоғамдық қауіпсіздікке деген жауапкершілікті қалыптастыру мәселелері де ерекше назарға алынды.

Сабақ барысында облыстық  патрульдік полиция қызметкерлері оқушыларға жаяу жүргіншілердің міндеттері мен жолдан қауіпсіз өту ережелерін жан-жақты түсіндіріп, нақты өмірлік жағдайлар арқылы түсініктерді бекітті. Көліктің қозғалысы қарқынды жерлерде дұрыс жүріс жасау, жол белгілерін және реттеуші ишараларды қатаң сақтау, жолдан өтер алдында қауіпсіздік шараларын сақтау сияқты маңызды дағдылар қарастырылды. Сонымен қатар, оқушыларға жол қозғалысы заңнамасының негізгі талаптары мен сақтық шаралары туралы кеңестер берілді.

Инспекторлар әрбір оқушының сұрақтарына жеке-жеке жауап беріп, құқықтық мәдениетті қалыптастырудың, жол қозғалысы ережелерін білу мен орындаудың өмірлік маңызын атап өтті.

Полиция қызметкерлері оқушыларға қауіпсіздік мәдениетінен бөлек, заң алдында жауапкершіліктің маңызын да түсіндіріп, құқықтық тәрбие беру бағытында нақты ұсыныстар мен кеңестер ұсынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру