Абай облысында полицейлер жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Абай облысында полицейлер жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысының полициясы жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар жүргізуде
Абай облысының патрульдік полиция қызметкерлері республикалық маңызы бар автожолдарда жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған профилактикалық жұмыстарды күн сайын жүргізуде.
Тексеру кезінде жолаушыларды рұқсатсыз және тіркеусіз тасымалдау, сондай-ақ оң жақ рөлді автокөліктерді пайдалану деректеріне ерекше назар аударылады. Мұндай көліктер қарсы бағыттағы қозғалысты шектеулі көру мүмкіндігіне байланысты жолда қауіпті жағдайлар туғызуы ықтимал.
Бұдан бөлек, тәртіп сақшылары жүк көліктерін тізгіндеушілерге еңбек және демалыс тәртібін сақтау, қозғалыс кезінде арнайы демалыс орындарында тоқтау қажеттігін түсіндіруде. Бұл талаптардың еленбеуі жол-көлік оқиғаларына әкеліп соғуы мүмкін.
Полиция жол қозғалысы ережелерін сақтау– өзіңіздің және өзгелердің өміріне деген жауапкершілік пен құрметтің айғағы екенін еске салады!
