Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында полицейлер жолда тұрып қалған жүргізушіге көмек көрсетті

Абай облысында полицейлер жолда тұрып қалған жүргізушіге көмек көрсетті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар - Семей автожолының Бесқарағай ауданына жақын учаскесінде жол қозғалысы барысында жеңіл автокөлікте техникалық ақау орын алды. Аталған жағдайды жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет атқарып жүрген патрульдік полиция экипажы дер кезінде байқап, бірден тоқтады.

Полиция қызметкерлері оқиға орнын тексеріп, жүргізушінің жағдайын анықтады. Қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, ақаулы көлік жол жиегіне шығарылып, авариялық белгілер орнатылды. Қозғалыстың үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында аталған жол учаскесінде уақытша қауіпсіздік шаралары қабылданып, өзге көлік құралдарының қозғалысы реттелді.

Қызметкерлердің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде көліктегі техникалық ақау жойылып, жол қозғалысы қысқа мерзім ішінде толық қалпына келтірілді. Жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жоқ.

Полицейлердің дер кезінде қабылдаған шешімдері азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ықтимал жол-көлік оқиғаларының алдын алуға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру