Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында полицейлер жүргізушілерге көлікті шаршаңқы күйде басқарудың қауіптілігін еске салды

Абай облысында полицейлер жүргізушілерге көлікті шаршаңқы күйде басқарудың қауіптілігін еске салды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Омбы – Майқапшағай трассасы – өңірдің маңызды көлік артерияларының бірі. Күн сайын бұл бағытпен мыңдаған автокөлік қатынайды, сондай-ақ жол бойында полицияның бақылау-өткізу бекеті жұмыс істейді.

Аягөз қаласына жақын орналасқан осы бекетте алыс бағыттағы жол-көлік оқиғаларының жиілеп кетуіне байланысты профилактикалық шаралар күшейтілді.

Полицейлер жүргізушілерге арнайы жадынама таратып, ұзақ сапарда адамның зейіні төмендеп, рөлдегі шаршау ауыр жол апаттарына әкелуі мүмкін екенін түсіндіруде. Трасса бойында демалуға арналған арнайы алаңдар бар, онда жүргізушілер тоқтап, қауіпсіз түрде тынығып алуына жағдай жасалған.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, қысқа үзілістің өзі жүргізушінің сергіп, жолдағы қауіп-қатердің алдын алуына айтарлықтай ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру