Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында полицейлердің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған оқыту сабақтары өтті

Абай облысында учаскелік полиция инспекторларының кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған оқыту сабақтары өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы ауылдық елді мекендерде қызмет атқаратын учаскелік полиция инспекторларының кәсіби даярлығын арттыру мақсатында теориялық және практикалық оқыту сабақтарын ұйымдастырды.

Іс-шараның басты мақсаты – учаскелік инспекторлардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық-нормативтік актілерді қолдану дағдыларын жетілдіру, сонымен қатар жергілікті тұрғындармен тиімді әрі сенімді қарым-қатынас орнату қабілеттерін дамыту.

Оқыту барысында қызметкерлер әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі, профилактикалық жұмыс жүргізу, пробациялық бақылаудағы тұлғалармен, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты отбасылармен жұмыс істеу бағытында білімдерін жетілдірді.

Абай облысы полиция департаменті алдағы уақытта да учаскелік инспекторлардың біліктілігін арттыруға бағытталған оқу іс-шараларын жүйелі түрде өткізіп отыруды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру