Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында полицейлермен жұмыс кездесулері өтті

Абай облысы ПД бастығының орынбасары аудандық полиция бөлімдерінің жеке құрамымен кездесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Аблай Нұрымов Абай, Жарма, Жанасемей аудандық полиция бөлімдерінің және Курчатов қалалық полиция бөлімінің жеке құрамымен жұмыс кездесулерін өткізді.

Сапар барысында ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңдылықты қатаң сақтауына, қызметтік тәртіп пен кәсіби әдеп қағидаларын ұстануына назар аударды. Сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың маңыздылығын атап өтті.

Өз сөзінде ол Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің реформалары құқық қорғау органдарының жұмысын жетілдіруге, халық сенімін арттыруға және полицияның сервистік моделін дамытуға бағытталғанын ерекше атап өтіп, жеке құрамға нақты тапсырмалар мен алдағы жұмыс басымдықтарын жеткізді.

Кездесу ашық диалог форматында өтті. Қызметкерлер өздерін толғандырған мәселелерін ортаға салып, қызметті жетілдіруге қатысты ұсыныстарын білдірді.

Қорытынды сөзінде Аблай Нұрымов әрбір қызметкер өз міндетіне адал қарап, жауапкершілік пен принципшілдікті басты қағида етуі тиіс екенін айтты. Оның айтуынша, полиция жұмысының негізгі мақсаты – қоғам мүддесі мен азаматтардың құқықтарын қорғау.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру