Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында полиция 20 мыңнан астам азаматтың қауіпсіздігін қамтамасыз етті

Абай облысында полиция 20 мыңнан астам азаматтың қауіпсіздігін қамтамасыз етті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған мерекелік концерт Қарауыл ауылында өтті. Айтулы шараға 20 мыңнан астам облыс тұрғыны мен қонақтар, сондай-ақ шетелдік туристер жиналды.

Адам көп шоғырланған сәтте қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау мақсатында полиция қызметкерлері күшейтілген тәртіпте жұмыс атқарды. Әсіресе кәмелетке толмағандардың амандығына баса назар аударылды. Бір кештің өзінде 15-тен астам баланың жоғалу фактісі тіркелді. Дегенмен тәртіп сақшыларының жедел әрекетінің арқасында олардың барлығы дер кезінде табылып, ата-аналарына аман-есен тапсырылды.

Балаларды іздестіру барысында полиция оқиға орнынан тікелей эфир жүргізіп, олардың бейнелерін концерт сахнасының үлкен экранында көрсетті. Бұл ата-аналардың баласын тез танып, жанына жетуіне мүмкіндік берді.

Патрульдік полиция батальоны мерекелік іс-шара өтетін аумаққа кіреберіс жолдарда қозғалысты қадағалап, автокөліктердің ретсіз жүруіне жол бермеді және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

— Күшейтілген режимдегі қызметіміз жалғасуда, — деді Абай облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Ернар Базаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру