Абай облысында полиция азаматтық қорғау қызметімен кездесу өткізді
Абай облысында полиция есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу мақсатында азаматтық қорғау қызметімен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу және мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Абай облысы полиция департаментінің қызметкерлері төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамымен ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.
Іс-шара барысында құқық қорғау органдарының өкілдері есірткі құралдарының заңсыз айналымы саласындағы заңнама нормаларын, оларды бұзғаны үшін көзделген жауапкершілік түрлерін кеңінен түсіндіріп, нашақорлықтың алдын алудың қазіргі заманғы тәсілдерін талқылады. Психобелсенді заттарды қолдануға деген тұрақты жағымсыз көзқарасты қалыптастыру және құқықтық сананы нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, білікті жауаптар алды. Мұндай іс-шаралар мемлекеттік қызметшілер ортасында құқық бұзушылықтың алдын алуға және заңға бағыну мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.