Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында полиция бөлімшелері арасында қазақ күресінен іріктеу турнирі өтті

Абай облысында полиция бөлімшелері арасында қазақ күресінен іріктеу турнирі өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысында Қазақстандық "Динамо" ДШСҚ-ның 100 жылдығына және "Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 80 жылдығына" арналған полиция департаментінің бөлімшелері арасында қазақ күресі бойынша іріктеу турнирі өтті. Турнирдің мақсаты – қазақ күресін насихаттау және полиция қызметкерлерінің физикалық дайындығын арттыру.

Бұл сайысқа Абай облысының 20 командасы қатысты, олардың арасында Абай облысы ПД ЖҚАЖ командасы да бар. Сайыс барысында әр салмақ дәрежесінде үздік нәтижелер көрсеткен қатысушылар анықталды.

Турнир қорытындысымен салмақ дәрежелері бойынша жеңімпаздар төмендегідей болды:

- 74 кг салмақ дәрежесінде: 1 орын – ЖҚАЖ инспекторы полиция лейтенанты М. Оралбекұлы;  2 орын – Үржар ауданы ПБ ППТ қызметінің инспекторы полиция аға лейтенанты Н. Бақыт; 3 орын – Курчатов қ. ПБ кезекшісінің көмекшісі полиция сержанты Т. Ордағалиев.

- 82 кг салмақ дәрежесінде:  1 орын – ЖҚАЖ инспекторы полиция лейтенанты А. Құмарбек; 2 орын – ЖҚАЖ инспекторы полиция аға лейтенанты Б. Қайртай; 3 орын – ЖҚАЖ инспекторы полиция аға лейтенанты А. Оразбеков.

- 90 кг салмақ дәрежесінде: 1 орын – ЖҚАЖ инспекторы полиция аға лейтенанты Б. Қабышев; 2 орын – ЖҚАЖ инспекторы полиция лейтенанты Д. Зиятов; 3 орын – Абай ауданы ПБ КБ кезекшісінің көмекшісі полиция сержанты Е. Тайтолеуов

- 100 кг салмақ дәрежесінде: 1 орын – ЖҚАЖ инспекторы полиция аға лейтенанты М. Көшкінбаев; 2 орын – Аягөз ауданы ПБ Ақтоғай ПБП КБ көмекшісі полиция кіші сержанты А. Ильясов; 3 орын – ЖҚАЖ инспекторы полиция аға лейтенанты А. Хасенов

- +100 кг салмақ дәрежесінде: 1 орын – ЖҚАЖ инспекторы полиция аға лейтенанты Д. Қазақбаев; 2 орын – Семей қаласы ПБ КПБ жедел уәкілі полиция аға лейтенанты А. Құлембаев; 3 орын – Аягөз ауданы ПБ УҰИ полицейі полиция кіші сержанты Б. Мұсурманов.

Бұл турнир полиция қызметкерлерінің арасында салауатты өмір салтын насихаттап, қазақ күресінің мән-маңызын арттыруға бағытталған маңызды шара болды. Жеңімпаздар мен қатысушылардың барлығы да өздерінің физикалық мүмкіндіктерін паш етіп, командалық рухты нығайтты.

Естеріңізге сала кетейік, іріктеу турнирінен өткен жеңімпаздар осы жылдың 17-20 сәуірінде Петропавл қаласында өтетін Қазақстан Республикасы ІІМ чемпионатына қатысатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру