Абай облысында полиция есепте тұрған 400-ден астам тұлғаны тексерді
Абай облысында полиция есепте тұрған 400-ден астам тұлғаны тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
15 тамызда Семей қаласының полиция басқармасы гарнизонында полиция нарядтарының таралымы өтті. Оған жергілікті полиция қызметінің жеке құрамы, учаскелік инспекторлар мен пробация инспекторлары қатысты.
ПД бастығының бірінші орынбасары Ернар Базаров нұсқаулық өткізді.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасы шеңберінде қоғаммен, полициямен әріптестікте басқа да қызметтермен бірлесіп орасан зор жұмыс жүргізілуде. Тұжырымдаманың негізінде екі тезис бар. Біріншісі – қоғамда қылмыстың алдын алу қымбатқа түседі, екіншісі – қылмысты және одан болатын зиянды тұрақты түрде азайту үшін бүкіл қоғамның күш-жігері қажет. Осыны ескере отырып, құқық бұзушылықтың алдын алу субъектілерінің ортақ жауапкершілігіне негізделген оның алдын алу жүйесі құрылады. Осыған байланысты 2024 жылғы 15-22 тамыз аралығында облыс аумағында «Пробация» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы енгізілді.
Оның негізгі мақсаты – пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің пробация қызметтерінде есепте тұрған адамдардың қайталама құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру.
Іс-шараның бірінші күні есепте тұрған 446 адам тексерумен қамтылды.
Тексеру барысында 9 бұзушылық анықталды, оның ішінде 5 үйде болмау актісі, 3 адамға әкімшілік іс қозғалды, 3 материал бас бостандығынан айыруға ауыстыру үшін сотқа жіберілді.
Аталған бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.