Абай облысында полиция есірткі қылмысына қарсы үздіксіз күрес жүргізіп жатыр
Абай облысында полиция есірткі қылмысына қарсы үздіксіз күрес жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысында жыл басынан бері 184 есірткі құқық бұзушылық тіркелді. Оның ішінде 85 дерек қылмыстық сипатта, соның 66-сы – сату фактісі. Полицейлер заңсыз айналымнан 415 келіден астам есірткі және психотроптық заттарды тәркіледі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп.
- Есірткі жеткізудің 6 арнасы әшкереленіп, 28 адам ұсталды, олардың арасында кәмелетке толмаған студент те бар, - деді Абай облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Дүйсенбай Байбусунов.
Жыл басынан бері полицейлер өңірге есірткі жеткізудің 6 арнасын тоқтатты. Бағыттар Шу, Алматы және Павлодар қалаларынан келген, алайда барлығы дер кезінде тоқтатылды. Сотқа 46 қылмыстық іс жолданып, ондаған тергеу әлі де жалғасып жатыр. Жүйелі жұмыстардың нәтижесінде жүздеген есірткі сайты мен мыңдаған дроп-шот бұғатталды.