Абай облысында полиция мен университет арасында меморандумға қол қойылды
Абай облысында полиция мен университет арасында меморандумға қол қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысының полиция департаменті мен Alikhan Bokeikhan University 2023 жылы жасалған бес жылдық меморандум аясында өзара іс-қимылдарын нығайтуда. Студенттерді практикалық даярлау биылғы жылы Семейде ашылған криминалистикалық полигон мен киберорталық базасында өтуде.
Департамент базасында «Жас процессуалист» студенттік клубы табысты жұмыс істеуде, оған заң факультетінің 10 жоғары курс студенті кіреді. Олардың белсенділігі мен жетістіктерін полиция басшылығы қорытынды іс-шарада атап өтті.
– Университетпен ынтымақтастық бізге болашақ мамандарды дайындап қана қоймай, олармен табысты қызмет ету үшін қажетті нақты тәжірибелермен бөлісуге мүмкіндік береді. Біз ABU түлектерінің біздің командамыздың құрамына кіретінін мақтан етеміз, – деп атап өтті ПД бастығының орынбасары Елдос Закимов
Қазіргі уақытта университеттің 10 түлегі анықтау және тергеу бөлімшелерінде қызмет етеді, олардың үшеуі осы жылы топқа қосылды.