Абай облысында полиция мен жедел жәрдем қызметі бірлескен рейдтік шаралар жүргізуде
Абай облысында полиция мен жедел жәрдем қызметі бірлескен рейдтік шаралар жүргізуде, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысында жол-патрульдік полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем өкілдері бірлескен рейдтік іс-шаралар өткізуде.
Аталған шараның басты мақсаты — жедел жәрдем көліктерінің кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету, жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу және медициналық қызметкерлердің қауіпсіздігін қорғау.
Бірлескен патрульдер шұғыл шақыртулар кезінде жедел жәрдем көлігінің жолын бөгейтін немесе ереже бұзатын жүргізушілерге қатысты қатаң шаралар қабылдайды. Сонымен қатар рейд аясында тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары да өткізілуде — әрбір азаматтың өмірі мен денсаулығы дер кезінде көрсетілген медициналық көмектен тікелей байланысты екені ескертіледі.
Полиция қызметкерлері жедел жәрдем бригадаларымен бірге шақырту орындарына барып, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.
Полиция тұрғындарды жолда тәртіп пен өзара құрмет сақтауға шақырады. Жол беру — бұл тек ереже емес, адам өміріне деген жауапкершілік.