Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында полиция студенттерге тәжірибе алуға көмектесті

Абай облысында полиция студенттерге тәжірибе алуға көмектесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы полиция департаменті мен АБУ университеті арасындағы әріптестік өз жемісін беруде. Полиция департаменті бастығының орынбасары Елдос Закимов оқу ордасының профессор-оқытушылар құрамымен кездесу өткізіп, ішкі істер органдарына кадр даярлаудағы жемісті ынтымақтастық үшін алғыс білдірді.

Кездесу барысында екіжақты меморандум аясында жүзеге асып жатқан дуальды оқыту жүйесі сөз болды. Бұл тәсіл студенттерге тек теориямен шектелмей, нақты қызмет барысында тәжірибе жинауға мүмкіндік беріп отыр. Әсіресе қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасымен орнаған берік байланыс ерекше атап өтілді.

— Сенімдеріңіз бен бастамаларыңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Дуальды оқыту — тиімді білім беру құралы ғана емес, қоғам дамуына ықпал ететін жүйелі тетікке айналуы тиіс, — деді Елдос Закимов.

Кездесу соңында тараптар кадрлық әлеуетті арттыру және құқық қорғау саласын жетілдіру жолында бірлескен жұмысты одан әрі нығайтуға ниетті екендерін білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру