Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында полиция жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттады

Абай облысында полиция жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысының Мақаншы ауданында жастарды салауатты өмір салтына баулу мақсатында спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Шара "Қарасора" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында аудандық полиция бөлімінің бастамасымен өтті.

Жастар арасында футбол және арқан тарту секілді ұлттық рухты оятатын спорт түрлерінен өткен жарыстар — олардың бос уақытын пайдалы әрі мағыналы өткізудің жарқын үлгісі болды. Бұл шараның басты мақсаты – жасөспірімдерге зиянды әдеттерден, әсіресе есірткіге әуестіктен аулақ болуды насихаттап, спорт пен салауатты өмір салтына деген қызығушылықты арттыру.

Жарысқа қатысқан жастар жоғары белсенділік танытып, өзара ұйымшылдық пен достықтың шынайы үлгісін көрсетті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар, марапаттар және естелік сыйлықтар табысталды.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, мұндай шаралар тек спорттық бәсеке ғана емес, сонымен қатар құқықбұзушылықтың алдын алу мен өскелең ұрпақты тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.

Абай облысының полициясы жастардың қауіпсіз әрі саналы болашағы үшін профилактикалық бағыттағы шараларды жүйелі түрде жалғастыра береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру