Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында полиция жол қауіпсіздігін күшейтті

Абай облысында өткізіліп жатқан "Қауіпті жүргізуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері бірқатар алдын алу шараларын жүзеге асыруда, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Рейд нәтижесінде бүгінгі күнге дейін 847 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, олардың жолы кесілді.

Соның ішінде "Міндетті сақтандыру туралы" заң талаптарына сәйкес көлік иелерімен міндетті сақтандыру шартын жасаспау дерегінің 20 фактісі тіркелді. Аталған жүргізушілерге құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жол қозғалысына айтарлықтай қауіп төндіретін жылдамдықты шамадан тыс арттыру бойынша 394 құқық бұзушылық анықталды. Полиция қызметкерлері жүргізушілерге жылдамдық тәртібін сақтаудың маңыздылығын түсіндіру мақсатында профилактикалық әңгімелер өткізді.

Сонымен қатар маневр жасау ережелерін бұзудың 37 дерегі тіркеліп, заңға сәйкес шаралар қолданылды. Бұл жұмыстардың барлығы жол қозғалысы тәртібін нығайтуға және ықтимал жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған.

Бақылаудың тиімділігін арттыру үшін патрульдік полиция жолдарды дрондар арқылы да қадағалап отыр. Қашықтан бақылау жүргізуге мүмкіндік беретін бұл әдіс жол қозғалысын шектемей, ереже бұзушылықтарды жедел анықтауға ықпал етеді. Дрондардан алынған материалдар құқық бұзушылықтарды дәлелдеуге және жол қауіпсіздігін күшейтуге елеулі септігін тигізді.

Жалпы "Қауіпті жүргізуші" іс-шарасы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жүргізушілердің жауапкершілігін арттыруға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған. Полиция қызметкерлері профилактикалық жұмысты жалғастыра отырып, барлық жол қозғалысына қатысушыларды ережелерді мүлтіксіз сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру