Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында пробация қызметкерлері есепте тұрған азаматтарға көмек көрсетті

Абай облысында пробация қызметкерлері есепте тұрған азаматтарға көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Курчатов қаласының 34 жастағы тұрғыны ұлына 1,5 миллион теңге қарыз болып қалғаны үшін 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына сотталған. Сотталған 2023 жылдың тамыз айында пробация қызметіне есепке алынып, бірден жұмыс орындарының квотасы бойынша жұмысқа орналастырылды.

Бүгінгі таңда ол алимент пен жинақталған қарыздарын өз бетінше төлеп жатыр. Сонымен бірге Курчатов қаласының 28 жастағы тұрғыны ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен 3 жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарылған. Осы жылдың қаңтар айында пробация қызметіне есепке алынған.

Сотталғанға құқықтары мен міндеттері түсіндірілген. Тұрақты тұрғылықты жері және жалға берілетін үй жалдауға қаражаты жоқ болғандықтан гаражда тұрған. Пробация қызметкерлері оған тұрғын үйді жалға алуға, жұмысқа орналасуға көмек көрсетіп, алкогольге тәуелділіктен емдеуге жіберген. Алайда сотталған жазаны өтеу тәртібін бұзуды жалғастырған, жіберілген бұзушылықтар үшін жазасын мерзімі 2 жыл 1 айды құрап бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.

– Пробация қызметкерлері әрбір есепте тұрған сотталғанның жағдайын зерттеп, оларға қандай да бір көмек қажет пе, жоқ па, соны қарастырады. Егер жәрдемдесу қажеттілігі анықталса, пробация қызметі әрқашан қолдау көрсетеді. Бірақ бұл кейбір сотталғандардың тұзу жолға түсуіне пайдасын тигізсе, кейбіріне пайдасы жоқ, – деп түсіндірді Курчатов қалалық пробация қызметінің инспекторы Дарья Александрович.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру