Абай облысында қалта ұрлығының алдын алу шаралары күшейтілді
Абай облысының полиция департаменті тұрғындарды заң талаптарын сақтауға және қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қалта ұрлығының алдын алу, сондай-ақ материалдық құндылықтар мен жеке мүліктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Абай облысының полиция департаменті өңір тұрғындарын жеке қауіпсіздік шараларына ерекше мән беруге үндейді.
Қазіргі таңда Абай облысының аумағында халыққа кәсіби күзет қызметін көрсететін 105 жеке күзет ұйымы жұмыс істейді. Бұл ұйымдар заманауи техникалық құралдармен жабдықталып, арнайы даярлықтан өткен білікті мамандармен қамтамасыз етілген.
Жеке күзет ұйымдарының жедел әрекет ету топтары, дабыл түймелері мен тәулік бойы бақылау жүйелері құқық бұзушылықтардың, оның ішінде қалта ұрлығының алдын алуға, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
Өз қауіпсіздігіңізге алдын ала қам жасау — мүлкіңізді сақтаудың және тыныш өмір сүрудің маңызды кепілі. Жеке күзет қызметтерін пайдалану арқылы сіз материалдық құндылықтарыңыз бен жеке мүлкіңіздің сенімді қорғалуын қамтамасыз ете аласыз.
