Абай облысында қақпа алдында кездесу өтті
Абай облысында қақпа алдында кездесу өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысында қауіпсіздігі аралас мекемесінің қызметкерлері бірнеше жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан “Қақпа алдындағы кездесу” әлеуметтік жобасын өткізді.
Бостандыққа шыққан сотталғанды мекеме қақпасы алдында жұбайы күтіп алды. Кездесуге сондай-ақ Халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері мен мемлекеттік орган өкілдері қатысты. Олар босап шыққан азаматпен әңгімелесіп, оның құқықтары мен міндеттерін түсіндірді.
— Үйге оралу мүмкіндігі туғанына қуаныштымын. Мен үйде болмағаныма 12 жылға жуық уақыт болды. Енді бостандықтың қадірін білемін, заңды бұзбай еңбек етіп, дұрыс өмір сүремін, — деді бұрынғы сотталған азамат.
— Жазасын өтеу кезінде ол Семей қаласының Политехникалық колледжінде оқып, сантехник-слесарь және автослесарь мамандықтары бойынша екі диплом алды. Сонымен қатар жетім балалар үшін құмсалғыштар мен ойын үйлерін жасап, қоғамға пайдалы болуға тырысқан. 2019 жылдан бастап ағылшын тілін үйрене бастап, қазіргі уақытта базалық деңгейде меңгерген, — дейді мекеме бастығы Аслан Нурбеков.
Мұндай іс-шаралардың мақсаты — бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға еңбекке және тұрмысқа бейімделуіне көмек көрсету. Осы әлеуметтік жоба аясында босап шыққандар құжаттарын қалай қалпына келтіруге, мамандық алуға, жұмыс табуға болатынын, сондай-ақ мемлекеттен қандай көмек ала алатынын біледі.