Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Абай облысында Алакөлге ағылған туристер ағынына байланысты жолдарда қауіпсіздік шаралары күшейтілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаз маусымында Алакөл көліне келуші туристер саны күрт артуда. Осыған байланысты Мақаншы ауданы аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар күшейтілген режимде жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері жүргізушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жолда жүру ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертіп келеді. Әңгіме барысында жылдамдықты асырмау, мас күйінде рульге отырмау, жаяу жүргіншілерге жол беру, қауіпсіздік белдігін тағу секілді негізгі ережелер міндетті түрде сақталуы тиіс екені еске салынуда.

Сонымен қатар жол бойында арнайы жылжымалы медициналық пункттер де ұйымдастырылып, жүргізушілердің денсаулық жағдайы тексерілуде. Медициналық тексерудің мақсаты – жол үстінде күтпеген жағдайлардың алдын алып, жүргізушінің жолда өзін жақсы сезінуін қамтамасыз ету.

Мақаншы ауданы аумағында өткізіліп жатқан бұл алдын алу шаралары – жол-көлік оқиғаларын азайту, туристер мен жергілікті тұрғындардың өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмыстың бір бөлігі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру