Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында қазақ күресінен іріктеу жарысы өтті

Абай облысында Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешені базасында Абай облысы полиция департаментінің құрылымдық бөліністері мен аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері арасында қазақ күресінен іріктеу жарысы ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған спорттық шараның негізгі мақсаты – ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін жетілдіру, физикалық даярлығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және ұжымдық бірлікті нығайту.

Сонымен қатар жарыс осы жылдың наурыз айында Тараз қаласында өтетін Қазақстан чемпионатына қатысатын Абай облысы ПД құрама командасын іріктеу мақсатында өткізілді.

Жарысқа департаменттің құрылымдық бөліністері мен аумақтық бөлімшелерінен барлығы 42 қызметкер қатысты. Қатысушылар әр салмақ дәрежесінде өзара бақ сынасып, жоғары дайындық деңгейін көрсетті.

Аталған жарыс қызметкерлердің кәсіби және дене дайындығын шыңдаумен қатар, ұжымдық рухты көтеруге, әріптестер арасындағы өзара сенім мен ынтымақтастықты нығайтуға зор ықпал етті.

Абай облысы полиция департаментінде өткізілген қазақ күресінен іріктеу жарысы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, нәтижесінде үздік балуандар анықталды. Олар алдағы Қазақстан чемпионатында облыс намысын қорғауға ұсынылды.

Бұл бастама – ішкі істер органдары қызметкерлерін салауатты өмір салтына баулып, кәсіби деңгейін арттыруға және спорт арқылы бірлікті күшейтуге бағытталған маңызды қадам.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру