Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында Қазақстан халқының бірлігі күніне орай дөңгелек үстел өтті

Абай облысында Қазақстан халқының бірлігі күніне орай дөңгелек үстел өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған салтанатты дөңгелек үстел өтті. Бұл тағылымды шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған іс-шаралар аясында ұйымдастырылды.

Достық үйінде өткен басқосуға Абай облысы полиция департаментінің түрлі этностардан құралған жеке құрамы мен Ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – этносаралық келісімді нығайту, бейбітшілік пен достықты насихаттау болды.

Кездесу барысында қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясының үш онжылдық даму жолына тоқталып, оның еліміздегі қоғамдық тұрақтылық пен бірлікті сақтаудағы рөліне ерекше мән берді. Полиция қызметкерлері өз қызметтік тәжірибелерімен бөлісіп, этностар арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықтың қоғамдағы орны мен маңызы жөнінде ой қозғады.

Іс-шара соңында қатысушылар бейбітшілік пен келісімді нығайту жолында бірлесіп атқаратын бастамалар мен жобаларға қолдау білдіріп, ұлт пен ұлысқа бөлінбей, бір шаңырақ астында татулықта өмір сүрудің құндылығын атап өтті.

Абай облысы полиция департаменті алдағы уақытта да осындай тағылымды іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп, ел ішіндегі этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді дамытуға өз үлесін қоса бермек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру