Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында ҚАЖ ардагері сотталғандарға 100-ден аса кітап тарту етті

Абай облысында қылмыстық-атқару жүйесінің ардагері қатаң режимдегі колонияның сотталгандарына мектепте 40 жыл орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы болып жұмыс істеген анасының кітаптарын сыйға тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған кітаптар жинағында орыс әдебиеті мен шетел әдебиетінің ең үздік шығармалары: Теодор Драйзердің «Титан», Сара Рааштың «Снег как пепел», Шыңғыс Айтматовтын «Алғашқы ұстаз», Жюль Верннің «Капитан Гранттың балалары», А.С.Пушкин және Л.Н.Толстойдың кітаптарымен қоса барлык жиыны 100 данадан асты. Зейнеткердің өзі бұл кітаптардың түгелін бірнеше мәрте оқып шыққанын айтты. Осы кітаптарды сыйға тартқан ол анасының өсиетін орындады.

– Кітаптардың жарамдылық мерзімі жоқ екендігін білемін. Олар сөреде тұрып, өздері оқылатын уақыттарын күтеді сонысымен баға жетпес сыйға айналады . Менің анам әр кітаптың өз иесін тапқанын қалады. Сондықтан мен оларды бөлдім, бірінші және екінші бөлімді анам жұмыс істеген мектепке бердім, ал үшінші бөлігін оларды оқуга құмар адамдарға беруді шештім. Мен сыйға тартқан кітаптар өз оқырмандарын тауып, олардың көңіл-күйін көтеріп, жақсы іске итермелеп, оларға көмекке шыдамдылык пен төзімділік берер, уақыттарын пайдалы өткізуге көмектесер деп үміттенемін, – дейді ардагер.

– Сотталғандар әрқашан жаңа кітаптарға мұқтаж, кітаптардың көмегімен олардың өзін-өзі қайта тәрбиелеп және өзін-өзі қайта қалыптастыруға мүмкіндігі бар, бұл сыйлық біз үшін құнды болды, – деп атап өтті мекеменің теологиялық қызметкері.

Кітаптар арнайы тексеруді қажет етпеді. Олардың барлығы көркем әдебиет кітаптары болғандықтан, тіркелгеннен кейін олар сотталғандарға арналған кітапханаға берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру