Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында ҚАЖД ардагері тыл еңбеккерін қарттар күнімен құттықтады

Әйелдер колониясының қызметкерлері мен Абай облысы бойынша ҚАЖД ардагері Халықаралық қарттар күнінде биыл өзінің 100 жас туған күнін атап өткен Ұлы Отан соғысының тыл еңбеккерімен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жарма ауданының 100 жастағы тұрғыны,1944 жылы туылған Қүлше апа, 20 жаста, Ұлы Отан соғысының ардагеріне тұрмысқа шығып отбасын құрған. Отбасында сегіз бала дүниеге келді.

– Соғыстан кейін күйеуім екеумізге сегіз баланы асырау қиынға соқты, балалардың аш болмай тойып жүруі, оларды киіндіруі қиындау болды, күйеуім екеуміз үнемі жұмыс істедік, бұл кезде үлкен балалар кішілеріне қарады. 1980 жылы күйеуім қайтыс болды, сол уақытқа дейін бізде бес немере болды. Мен 100 жылдық мерейтойыма дейін өмір сүргеніме қуаныштымын, мен 8 баламнан, 13 немере және 19 шөбере сүйдім. Қазіргі уақытта олар әрдайым жанымнан табылады, мені қоршап тұрған үлкен тату отбасым барына мақтанамын, мен мұны үлкен бақыт деп санаймын, ал қазіргі жастарға өз Отанын бағалап, қорғап, өз елінің патриоты болуды тілеймін, – деп бөлісті Күлше апа.

– Қарттар күні – бұл ерекше мереке! Құрмет пен ізет мерекесі. Ардагерлеріміздің елдің дамуына қосқан баға жетпес үлесін бәріміз есте ұстауымыз керек. Олар үшін Қарттар күні – үлкен мереке болып саналады, бұл күнде олар жастық шақтарын еске алып тебіреніп әңгімелесіп, өздерінің бастарынан өткен өмірлерін айтып шер тарқасады , – деп бөлісті Абай облысы бойынша ҚАЖД № 23 мекемесі бастығының міндетін атқарушы Уәлихан Жумашев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру