Абай облысында ҚАЖД-да жедел-қызметтік жұмыстардың нәтижесі қорытындыланды
Абай облысында ҚАЖД-да жедел-қызметтік жұмыстардың нәтижесі қорытындыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде департамент бастығы Ғалымжан Балтабаевтың төрағалығымен жедел кеңес өтті, онда 2025 жылдың тоғыз айындағы жұмыстың қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңге арналған қызметтің басым бағыттары айқындалды.
Кеңес жұмысына департамент басшылығы, Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің басшылары, "Еңбек-Семей" ШЖҚ РМК филиалының және 5511 әскери бөлімі қолбасшылығының өкілдері қатысты. Кеңес барысында 2025 жылдың тоғыз айындағы жедел-қызметтік қызметтің қорытындылары, кадрлық жұмыстың жай-күйі, тәртіп, заңдылық, жеке құрам арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қаралды.
"Еңбек-Семей" ШЖҚ РМК қызметіне ерекше назар аударылды, онда есепті кезеңдегі өндірістік-шаруашылық жұмыстардың нәтижелері, сондай-ақ Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері бастықтарының есептері шығарылды, онда анықталған кемшіліктер талданып, олардың қызметінің тиімділігіне баға берілді.
Бұдан басқа, жедел-қызметтік жұмыстардың сапасын арттыруға бағытталған шараларды іске асыру бойынша құқық қорғау органдары алқасының кеңейтілген отырысының талаптары жеке құрамға жеткізілді.
– Қылмыстық-атқару жүйесінің әрбір қызметкері қоғам мен мемлекет алдындағы өз жауапкершілігінің дәрежесін түсінуі тиіс. Жедел-қызметтік қызметтің тиімділігін арттыру, тәртіпті нығайту, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу — біздің бірлескен жұмысымыздың басым бағыттары, - деп атап өтті Ғалымжан Балтабаев.
Кеңес қорытындысы бойынша мекемелер мен бөлімшелердің басшыларына қызметтік міндеттерін орындаудың нәтижелілігін арттыруға, қызметтер арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға және сотталғандарды түзету мен қайта әлеуметтендіру үшін жағдайларды жақсартуға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.