Абай облысында ҚАЖД қызметкерлері ата-аналарды Алғыс айту күнімен құттықтады
Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері мекеме қызметкерлерінің аналарын Алғыс айту күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері өздерінің қызметтік борышын абыроймен және жоғары кәсібилікпен орындайтын жас қызметкерлердің ата-аналарымен кездесіп, оларға адал және парасатты азаматтарды тәрбиелегені үшін алғыс білдірді.
– Алғыс айту күні бір-біріне игі істері, көрсеткен қолдауы мен жақсылығы үшін алғыс айту әдетке айналған. Бұл мереке ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға бағытталған. Біз қызметкерлеріміздің ата-аналарына оларды қолдағаны және түсінгені үшін алғыс айтамыз, – деп бөлісті облыс бойынша ҚАЖД тәрбие және кадр жұмысы бөлімінің бастығы Райгүл Саугабаева
Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемелерінде барлығы 20-дан астам жас қызметкер қызмет етеді.