Абай облысында ҚАЖД қызметкерлері балаларды мерекемен құттықтады
Абай облысы бойынша ҚАЖД № 23 мекемесінің қызметкерлері «Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» шәкірттерін жаңа жылмен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жаңа жыл қарсаңында мекеме қызметкерлері «Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығына» барып жаңа жылдық сыйлықтар, ойын-сауық батутын сыйлады, балаларға тәттілер мен жемістер берілді.
– Орталық бір ай бұрын ашылды, қазір біздің орталыққа 11 шәкірт келеді, оның ішінде 3 жастан 15 жасқа дейінгі алты бала және 18 бен 25 жас аралығындағы бес бала. Оңалту орталығына мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін медициналық, әлеуметтік, психологиялық және кәсіптік көмек көрсетіледі. Сондай-ақ сал ауруына шалдыққан балаларды оңалтуға, мүгедектердің жалпы физикалық денсаулығын жақсартуға, денсаулық жағдайын қолдауға және жақсартуға, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын жақсартуға, оларды қоғамның толыққанды өміріне түрлі мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізе отырып дамытуға көмек көрсетіледі, – деді аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығының инспекторы Динара Матжанова.
– Ерекше балаларға назар аудару біздің игі дәстүрімізге айналды. Біз оларға қамқорлық жасап, қиын сәтте көмектесуіміз керек. Мұнда отырған әрбір бала, тіпті ересек адам да назарға мұқтаж, біз оның орнын толтыруға тырыстық. Бұл кездесу көңілді өтті, балаларға ерекше көңіл бөлінді, – деп бөлісті тәрбие және кадр жұмысы бөлімінің бастығы Әсел Уаисова.