Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында ҚАЖД қызметкерлері балаларды мерекемен құттықтады

Абай облысында ҚАЖД қызметкерлері балаларды мерекемен құттықтады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысында қауіпсіздігі аралас мекеме қызметкерлері балалар үйінде тәрбиеленуші балаларды мерекемен құттықтады. Олар балалармен paint & sip party (арт-кеш) ұйымдастырып, концерттік номерлар мен тиындардан тұратын бағдарлама ұсынды.

Мерекеге орта буын оқушылардан 15 бала шақырылды. Іс-шара барысында балалар түрлі шығармашылық шеберлік сағаттарына қатысты. Онда балалар дайын эскиздерді бояу мен эскиздер құру тақырыптарында өз шеберліктерін сынады. Арт-кешке арнайы мольберттар мен акрил бояуларының түстері таңдап алынды. Шеберлік сабағын, сурет салуды басты хоббиіне айналдырған мекеменің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының инспекторы Айдана Омарбекова жүргізді. Шеберлік сабағынан соң балалар назарына концерттік бағдарлама мен ойындар ұсынылды. Онда балалармен Тедди аю мен Тедди қоян киімдерін киген қызметкерлер ойындар ұйымдастырды.

— Мұндай бастама балалардың рухани дамуына қолдау көрсетіп қана қоймай, қоғамда қайырымдылық пен мейірімділікті насихаттауға бағытталған, — дейді мекеме бастығы Аслан Нурбеков.

— Біздің балаларға қуаныш пен шаттық сыйлап, оларға ұмытылмас мереке ұйымдастырған қызметкерлерге шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Олардың мейірімдері бен жанашырлықтары балалардың жүрегіне жылу сыйлады. Осындай игі істер әрдайым жалғасын тауып, еңбектерінің жемісін көре берсін, — деді балалар үйінің директоры Сержан Оқасов.

Шара соңында балаларға тәтті сыйлықтар мен естелік заттар табыс етілді

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру