Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында ҚАЖД қызметкерлері Дүниежүзілік донор күніне орай қан тапсырды

Абай облысында ҚАЖД қызметкерлері Дүниежүзілік донор күніне орай қан тапсырды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері Дүниежүзілік донор күніне арналған игі шараға белсене қатысты. Қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, адамдардың өмірін құтқаруға үлес қосып жүрген бұл мамандық иелері донор болудың қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінеді.

Акцияның негізгі мақсаты – шұғыл жағдайда адам өміріне араша түсетін қанның қажеттілігі туралы қоғамда түсінік қалыптастыру және барша азаматтарды донор болуға шақыру.

Қан тапсыру алдында қатысушылардың жалпы денсаулығы тексеріліп, медициналық сараптамадан өтті. Нәтижесінде 40-қа жуық қызметкер донор ретінде тіркеліп, өз үлесін қосты.

– Жыл сайын бұл күні облыс бойынша 150-ге жуық адам қан тапсырады. Бұл – біздің қан банкін 45 литрге толықтыруға мүмкіндік береді. Қан – онкологиялық науқастарға, жарақат алғандарға, босанған аналар мен күрделі операциялардан өтетін жандарға ауадай қажет. Әр донор – бір адамның өміріне үміт сыйлай алады, – деді Абай облысы бойынша қан орталығының донорлық кадрларды жасақтау бөлімшесінің дәрігер-терапевті Сәуле Тұрарова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру