Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында ҚАЖД қызметкерлері кәсіпкерлермен дөңгелек үстел өткізді

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №19 мекемесінде департамент бастығының орынбасары Арслан Мұхамеджановтың төрағалығымен дөңгелек үстел өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараға онға жуық кәсіпкер, 5511 әскери бөлімінің өкілдері, "Еңбек – Семей" РМК-ның уақытша міндетін атқарушы Ержан Ахтанбердинов, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының шағын бизнесті дамыту бөлімінің басшысы Нұрасыл Мұратов және басқа да кәсіпкерлер қатысты.

Кездесу барысында мекеме аумағында жаңа жұмыс орындарын құру, шағын және орта бизнес өкілдерін тарту мәселелері талқыланды. Арслан Мұхамеджанов мекеме өндірістік аймағында мата, ағаш, сабын және пластикалық терезелер өндіретін цехтардың жұмыс істеп тұрғанын атап өтті. Қазіргі таңда мекемеде бір ЖШС және сегіз жеке кәсіпкер тіркелген.

Сотталғандарды еңбекпен ұйымдастыру бөлімінің бастығы Дастан Исабеков барлық өндірістік ғимараттардың қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталғанын, тігін және ағаш өңдеу салалары бойынша барлық жағдай жасалғанын айтты.

Кездесу соңында кәсіпкерлер үшін өндірістік аймаққа экскурсия ұйымдастырылды. Олар болашақ цехтарды орналастыру мүмкіндіктерімен және қолданыстағы цехтардың жағдайларымен танысты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру