Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында ҚАЖД қызметкерлері онкологиялық науқастарға донор болды

Абай облысында ҚАЖД қызметкерлері онкологиялық науқастарға донор болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңа жыл қарсаңында Абай облысы ҚАЖД №19 мекемесінің қызметкерлері «Қан тапсырып – өмірді сақта» қайырымдылық акциясын ұйымдастыру туралы шешім қабылдады.
Іс-шараның мақсаты – донор қанының өмірлік маңызы бар адамдарға көмек көрсету және олардың үлгісі бойынша барынша көп адамды қатарға тарту. Мекеме қызметкерлері қан тапсыру науқандарын үнемі жүргізіп отырады. Жаңа жыл қарсаңында қызметкерлер онкологиялық науқастарға қан тапсыру туралы шешім қабылдады.

Потенциалды донорларды және 30 қызметкердің денсаулық жағдайын тексергеннен кейін, облыстық қан орталығы мекеменің тек 25-ке жуық қызметкеріне қан тапсыруға рұқсат берді.

– Қазір біз қатерлі ісікке шалдыққан адамдарды жиі кездестіреміз, мұндай науқастарға күн сайын донорлық қан қажет. Ол оларға химиотерапияны алу мен ота жасауды жеңілдетіп, ем алып жылдам сауығып кетуге көмектеседі. Тәжірибе көрсеткендей, қан қоюды көбіне жас пациенттер қажет етеді, – дейді Абай облысы денсаулық сақтау мекемесінің облыстық қан орталығының донор кадрларын іріктеу бөлімінің терапевт-дәрігері Сәуле Тұрарова.

– Бүгін мереке қарсаңында біз қатерлі ісік диагнозы қойылған емделушілерге көмек көрсетуді ұйғардық. Қиын жағдайға ұшыраған көптеген адамдарға көмектескенімізге қуаныштымыз және қан донорлары қатарына барынша көп азаматтар тартуды қалаймыз. Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің кәсібі өмір мен денсаулық үшін қауіп-қатермен байланысты, сондықтан да нысанды киім киген адамдар донорлықтың қажеттілігін басқалардан кем түсінбейді, – деп атап өтті мекеме бастығының орынбасары Айдын Калелов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру