Абай облысында ҚАЖД қызметкерлері Полиция күніне арналған мерекелік концерт ұйымдастырды
Абай облысында Полиция күніне арналған мерекелік концерт өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері қала тұрғындарына ерекше тарту жасады. Олар орталық саябақта Қазақстан полициясы күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырды.
Мерекелік кеште ҚАЖД қызметкерлері патриоттық әндер шырқап, музыкалық нөмірлер орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Іс-шараға департамент ардагерлері мен қызметкерлердің ата-аналары арнайы шақырылып, құрмет төрінен орын алды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, концерттің басты мақсаты – қоғам мен құқық қорғау органдары арасындағы өзара сенімді нығайту. Мерекеге жиналған қонақтар мен қызметкерлердің әкелері сөз алып, балаларына көрсетілген құрмет пен салтанатты шара үшін жүрекжарды алғыстарын білдірді.
Департамент бастығының орынбасары Арслан Мұхаметжанов барша жиналғандарды қос мерекемен құттықтап, қажырлы еңбек етіп жүрген қызметкерлерге шынайы ризашылығын жеткізді. Сондай-ақ Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Ғалымжан Балтабаевтың атынан жүйеде адал қызмет етіп жүрген және өз балаларына адалдық пен табандылықты үлгі етіп келе жатқан қызметкерлердің әкелері алғыс хаттармен марапатталды.