Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында ҚАЖД қызметкерлері сотталған әйелге зейнетақы рәсімдеуге көмектесті

Абай облысында ҚАЖД қызметкерлері сотталған әйелге зейнетақы рәсімдеуге көмектесті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы бойынша ҚАЖД-ның №23 әйелдерге арналған мекемесінде сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімі қызметкерлері жасы бойынша базалық зейнетақыны рәсімдеуге көмек көрсетті.

Сотталған әйел осы мекемеге төрт жыл бұрын келіп, жазасын өтеу барысында зейнет жасы жетті. Қажетті құжаттарды жинау кезінде әйелдің еңбек кітапшасында бірнеше жұмыс орны кезеңі бойынша жазбалар болмаған және мөрлердің түпнұсқалығы жөнінде күмән туындаған.

Мекеме қызметкерлері еңбек өтілін растау үшін уәкілетті органдарға барлық қажетті сұраныстарды жолдады. Содан кейін сотталған әйелге алғашқы зейнетақы төлемдері тағайындалды.

– Мекеме әкімшілігіне үлкен алғысымды білдіремін, олар маған рәсімдеуге көмектесті. Туыстарым өте сирек келеді, балаларым жоқ, енді алғашқы зейнетақымды алған соң дүкеннен сабын, жуатын заттар, азық-түлік және кеңсе тауарларын сатып алдым, – дейді сотталған әйел.

— Бүгінгі күні колонияда 300-ден астам сотталған әйел бар. Олардың он біріне зейнетақы мекемеде төленсе, қалғандары зейнетақыларын туған-туыстарына аудартады немесе атқару парақтары бойынша берешектерін өтейді, – дейді сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің аға инспекторы Алтынай Ұлтамбаева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру