Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында ҚАЖД қызметкерлері ҰОС ардагеріне құрмет көрсетті

Абай облысы бойынша ҚАЖД мекемесінің қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Шевцовқа құрмет көрсетті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

"Ардақты ардагерім" акциясы аясында Абай облысы бойынша ҚАЖД № 20 мекемесінің қызметкерлері өзінің 99 жасын атап өткен Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Романович Шевцовқа құрмет көрсетті.

Иван Шевцов 1926 жылы Алтай өлкесінің Антоновка ауылында дүниеге келген. 1942 жылы 16 жасында мергендер мектебіне оқуға қабылданып, екі жылдан кейін Қызыл Армия қатарына әскери қызметке шақырылған. Ол Польша мен Чехословакияны азат ету үшін шайқастарға қатысып, өз ерлігімен ерекшеленген.

Ардагер өз қызметі барысында көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін II дәрежелі Отан соғысы ордені, Қызыл Жұлдыз ордені және адал еңбегі үшін медальдармен марапатталды.

Соғыстан кейін отанына оралып, "Қазэлектромонтаж" кәсіпорнында учаске бастығы болып қызмет етті. Ол өз саласында жауапты маман ретінде танылды. 1952 жылы жанұясымен Семейге көшіп келді, қазір осы қалада тұрып жатыр.

Қызметкерлермен әңгімелесу барысында майдангер өзінің жастық шағын, әскери қызметі мен жауынгерлік жолдастарын еске алып, естеліктерімен бөлісті.

— Біз сіздерге, елімізді және бүкіл әлемді фашизмнен қорғаған Ұлы Отан жауынгерлеріне шексіз алғысымызды білдіреміз. Сіздер фильмдердегі нағыз кейіпкерлер сияқтысыздар. Сіздер қазіргі жастарға үлкен үлгі боласыздар, — деп атап өтті тәрбие және кадр жұмысы бөлімінің бастығы Динара Карабаева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру