Абай облысында қоғамдық орындарды ластаған тұлғалар анықталды
Абай облысында қоғамдық орындарды ластаған тұлғалар анықталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысында “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында қоғамдық орындарды ластауға жол бермеу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. 2025 жылдың басынан бері полиция қызметкерлері 7400-ден астам құқық бұзушылықты тіркеген. Оның ішінде — қоқысты контейнерден тыс жерге тастау, темекі тұқылын лақтыру және басқа да ұсақ бұзақылық әрекеттер бар.
Қоғамдық тәртіпті бұзушыларды анықтауда Семей қаласындағы Жедел басқару орталығының бейнекамералары мен фототұзақтарының рөлі ерекше. Күн сайын камералар азаматтардың көшеде немесе аулаларда қоқыс қалдырып, қоршаған ортаға бейжай қарайтынын тіркеуде.
— Бейнежазбаларда көріп отырғандарыңыз — өкінішке қарай, күнделікті шындық. Коммуналдық қызметтерді қанша кінәласақ та, нақты өзгеріс әр адамның өзінен басталғанда ғана болады, — деп атап өтті полиция өкілдері.