Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды

Абай облысында құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысында өңір әкімінің орынбасарының төрағалығымен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыста құқық қорғау органдарының, мемлекеттік мекемелердің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жиын барысында полиция қызметкерлерінің мынадай бағыттар бойынша есептері мен ұсыныстары тыңдалды.

Абай облысы полиция департаментінің өкілдері өңірдегі жол-көлік оқиғаларының қазіргі жағдайы және олардың алдын алу мақсатында қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Жол инфрақұрылымын жақсарту, жүргізушілердің мәдениетін арттыру және апаттардың алдын алу бағытындағы жұмыстар атап өтілді.

Криминалдық полиция қызметкерлері зорлық-зомбылық сипатындағы қылмыстардың, әсіресе отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алуда ведомствоаралық өзара іс-қимылдың және жедел әрекет етудің маңыздылығын атап өтті. Құқық бұзушылыққа бейім тұлғаларды анықтау және олармен профилактикалық жұмыс жүргізу жалғасуда.

Білім беру және жастар саясаты органдарымен бірлесе отырып, полиция қызметкерлері жасөспірімдермен кешенді іс-шаралар жүргізуде. Мектептерде профилактикалық әңгімелер өткізу, оларды спорт пен бос уақытты тиімді өткізуге тарту, сондай-ақ әлеуметтік қауіпті жағдайда тұрған отбасыларды дер кезінде анықтау басты назарда.

Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі инспекторлар тарапынан мекенжай бойынша мақсатты профилактикалық жұмыс жүргізілуде. Учаскелік инспекторлардың белсенді қызметі және дағдарыс орталықтарымен өзара іс-қимылдың арқасында жанжалдық жағдайларға дер кезінде араласуға және зардап шеккендерге көмек көрсетуге мүмкіндік беріліп отыр.

Отырыс қорытындысы бойынша профилактикалық жұмысты күшейту және ведомстволар арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру