Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған бағдарлы профилактика жалғасуда

Абай облысында құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған бағдарлы профилактика жалғасуда, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысында "Заң мен тәртіп" идеологиясы аясында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Осы бағытта Мақаншы ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері тұрмыстық және қоғамдық құқық бұзушылықтардың алдын алуға арналған кезекті профилактикалық іс-шара өткізді.

Рейд барысында полицейлер аулаларды аралап, профилактикалық бақылауда тұрған мекенжайларды, жағдайы тұрақсыз отбасыларды және бұрын құқық бұзушылық туралы шағымдар түскен үйлерді тексерді. Тәртіп сақшылары олардың тұрмыс жағдайымен танысып, ахуалды бағалап, тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Азаматтарға қоғамдық тәртіпті сақтау талаптары, тұрмыстық жанжалдардың алдын алу, отбасылық кикілжіңдерге жол бермеу және құқық бұзушылық үшін жауапкершілік шаралары туралы ақпарат берілді. Учаскелік инспекторлар жеке мүлікті қорғаудың тиімді тәсілдері, полицияға жүгіну тәртібі және тұрмыстық дауларды шешу жолдары жөнінде жан-жақты түсіндірді.

Абай облысының полиция департаменті мұндай профилактикалық шаралар проблемалық отбасыларды дер кезінде анықтауға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін ерекше атап өтті. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру