Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында "Құқықтық тәртіп" ЖПІШ өтіп жатыр

Абай облысында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысының аумағында полицейлер құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті нығайту мақсатында республикалық "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шара өткізіп жатыр. Іс-шараның алғашқы күнінде облыс көлемінде барлығы 293 құқық бұзушылық дерегі тіркелді.

Анықталған құқық бұзушылықтардың арасында әкімшілік заңнама талаптарын өрескел бұзу фактілері де бар. Атап айтқанда, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында немесе тұрғынжайдан тыс жерде заңды өкілдерінің ілесуінсіз жүруіне қатысты 38 құқық бұзушылық фактісі анықталды. Сонымен қатар тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз тұру немесе жеке басын куәландыратын құжатсыз жүру бойынша 141 дерек тіркелген.

Аталған жедел-профилактикалық іс-шара шеңберінде полиция қызметкерлері қоғамдық орындарды, ойын-сауық мекемелерін, автокөлік жолдарын және өзге де қоғамдық маңызы бар нысандарды тексеру жұмыстарын күшейтті. Сонымен қатар рейдтік іс-шаралар барысында құқықтық түсіндіру жұмыстары да жүргізілуде.

Полиция азаматтарды құқық бұзушылықтарға жол бермеуге, заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ішкі істер органдарының басты міндеттерінің бірі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру