Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында қызметтік ит тұрғынның есірткіні қайда жасырғанын анықтады

Абай облысында қызметтік ит тұрғынның 1 келі есірткіні қайда жасырғанын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлеріне Бородулиха ауданының 35 жастағы тұрғыны өз үйінде есірткі затын заңсыз сақтайтыны туралы жедел ақпарат түсті.

«Қарасора – 2023» ЖПІШ өткізу барысында облыстық аппараттың жедел уәкілдері ҚР ІІМ ҰҰ-ның «Бүркіт» арнайы жасағымен, Бородулиха полиция бөлімінің полицейлерімен бірлесіп тұрғынды тұрғылықты жері бойынша тексерді. Арчи атты қызметтік ит тұрғын үйді шұғыл тінту кезінде үйдің жабық ауласының бұрышында тұрған шелекте өсімдік тектес, жасыл түсті, ерекше иісі бар заттарымен полиэтилен пакетті тапты. Сондай-ақ сарайда өсімдік тектес, жасыл түсті қарасора тектес ерекше иісі бар полиэтилен қапшық табылып, тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес зерттеуге ұсынылған зат есірткі екені расталды. Жалпы салмағы 994,36 грамм болатын кептірілген марихуана.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру