Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында рейд барысында 741 жол ережесін бұзу фактісі тіркелді

8-10 қараша күндері Абай облысында республикалық «Қауіпсіз жол!» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды,  – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл бастаманың басты мақсаты — жол-көлік оқиғаларының санын азайту, ауыр зардаптарға әкелетін оқиғалардың алдын алу және жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзушылықтарын анықтап, жолын кесу.

Рейд барысында 741 жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі тіркелді. Олардың ішінде:

көлікті мас күйде басқарудың 12 дерегі,

жүргізуші куәлігінен айырылған тұлғалардың көлік басқарған 3 жағдайы,

жолды белгіленбеген жерден кесіп өтудің 150 дерегі,

көлік жүргізу құқығы жоқ тұлғалардың 10 фактісі,

жаяу жүргіншілерге жол бермеудің 38 оқиғасы,

мемлекеттік нөмірсіз көлік құралын басқарудың 10 фактісі анықталды.

Сонымен қатар 30 көлік арнайы айыппұл тұрағына қойылып, барлық құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Жолдағы қауіпсіздік — әрбіріміздің ортақ міндетіміз. Жол қозғалысы ережелерін сақтау — тек заңды орындау ғана емес, сонымен қатар әр қатысушының өмірі мен денсаулығын қорғауға жасалған маңызды қадам, – дейді тәртіп сақшылары.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру