Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында республикалық маңызы бар жолдар қысқы маусымға дайындық тұрғысынан тексерілді

Абай облысында республикалық маңызы бар жолдар қысқы маусымға дайындық тұрғысынан тексерілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында республикалық маңызы бар тас жолдарда арнайы техника мен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті материалдарға кешенді тексеріс жүргізілді. Шара Абай облысы полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы, "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының өңірлік филиалы және төтенше жағдайлар қызметкерлерінің бірлескен жұмысы негізінде жүзеге асты.

Тексерудің басты мақсаты – алдағы қыс маусымына дайындықты бағалау, көктайғақтың алдын алуға арналған инертті материалдардың көлемін және арнайы техниканың жұмысқа жарамдылығын анықтау болды.

Нәтижесінде барлығы 107 арнайы техника сараптамадан өткізіліп, олардың техникалық жағдайы мен қысқы кезеңде жолдарды тазалау жұмыстарын сапалы орындау мүмкіндігі мұқият тексерілді. Сонымен бірге 11 613 текше метр инертті материалға талдау жүргізіліп, оның ішінде 3 218 текше метр көктайғаққа қарсы реагенттер мен 8 394 текше метр қиыршық тас бар екені анықталды. Бұл қор қыс мезгілінде көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

Мамандардың айтуынша, жүргізілген тексеру нәтижелері өңір аумағындағы республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға және қысқы кезеңде жол-көлік оқиғаларының алдын алуға елеулі ықпал етпек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру