Абай облысында семинар-кеңес өтті
Абай облысында ҚР ІІМ-нің заң қызметтерін жетілдіру мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Семей қаласында ішкі істер органдарының заң қызметтерінің құрылымы мен жұмысын жетілдіруге арналған семинар-кеңес өтті.
Жұмыс отырысына ҚР ІІМ Заң және нормашығармашылықты үйлестіру департаменті бастығының орынбасары Олжас Шәріпов пен Абай облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Елдос Закимов төрағалық етті.
Іс-шараға сот жүйесі, прокуратура, мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазынашылық өкілдері, сондай-ақ Абай облысы полиция департаментінің қызметтері мен бөлімшелерінің басшылары қатысты. Талқылауға Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының полиция департаменттерінің заң бөлімдерінің қызметкерлері онлайн режимде қосылды.
Кеңесте ішкі істер органдары қызметіндегі заңдылықты сақтау, соттарда мүдделерді қорғау және мемлекеттік органдармен тиімді өзара іс-қимыл мәселелеріне баса назар аударылды.
Қатысушылар тәжірибе алмасудың, өзекті құқықтық мәселелерді шешудің бірыңғай тәсілдерін қалыптастырудың және полиция қызметінің құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында заң қызметтерінің кадрлық әлеуетін нығайтудың маңыздылығын атап өтті.