Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында "Сергек" жүйесінің көмегімен автокөлік ұрлығы ашылды

Абай облысында "Сергек" жүйесінің көмегімен автокөлік ұрлығы ашылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей қаласында полицияға 52 жастағы жергілікті тұрғын Нива автокөлігінің ұрланғаны туралы арызбен жүгінді. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз адам оның үйінің ауласында тұрған көлікті айдап кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрланған автокөлік Ибраев көшесінен табылды. Көлікті айдап кеткен адамды анықтауға полиция қызметкерлеріне "Сергек" аппараттық-бағдарламалық кешені көмектесті.

Қылмыс жасады деген күдікпен Семей қаласының 26 жастағы тұрғыны полиция бөліміне жеткізілді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктіге қатысты процессуалдық мәжбүрлеу шарасы ретінде келу міндеттемесі қолданылды.

Полиция еске салады: заманауи бейнебақылау жүйелері қылмыстарды ашудың тиімділігін едәуір арттырады, ал жазаның бұлтартпастығы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі қағидаты болып қала береді.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру