Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында “синтетиканың” ірі партиясымен Тараздан келген есірткі курьері ұсталды

Абай облысында “синтетиканың” ірі партиясымен Тараздан келген есірткі курьері ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысында синтетикалық есірткі таратқаны үшін ұсталған Тараз қаласының тумасынан 200 грамнан астам “синтетика” тәркіленді. Абай облысының полицейлері синтетикалық есірткі заттарын бетбелгі арқылы заңсыз сатумен айналысқан жігітті “ізін суытпай” ұстады.

Арнайы операцияны жүргізу барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 35 жастағы азаматты ұстады. Күдікті “синтетиканы” бетбелгілер арқылы таратқан Жамбыл облысының тұрғыны болып шықты. Ұялы телефонын зерделеу кезінде ол облыс орталығында 50-ден астам синтетикалық бетбелгі қойғаны анықталды.

Ұсталған адамның жалдамалы пәтерін тінту барысында полицейлер ақ түсті ұнтақ заты бар полимерлі пакетті, бос зип-пакеттерді, 2 электронды таразыны, фольга орамасын, сараптама қорытындысына сәйкес жалпы салмағы 218,8 гр-ден асатын мефедрон психотроптық заты болып табылатын байламдардың оқшаулағыш таспасын тапты.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру