Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында So-Kyokushin каратэ турнирі өтті

Абай облысында So-Kyokushin каратэ турнирі өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысында өткен So-Kyokushin Kaikan каратэ турнирі "Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан" республикалық акциясы аясында ұйымдастырылды. Бұл спорттық іс-шараға өңірдің әртүрлі аудандарынан 120-дан астам жас спортшы қатысты. Турнирдің басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ өскелең ұрпақтың отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы азаматтық ұстанымын қалыптастыру болды. Каратэ – тәртіпке, өз-өзіне сенім мен құрметке баулитын спорт түрі ретінде отбасындағы зорлық-зомбылықпен күрестің символына айналды.

Турнир соңында Абай облысы полиция департаменті отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі арнайы бөлімінің бастығы Виталий Каверин қатысушылар мен олардың ата-аналарымен ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді. Ол тұрмыстық құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік, сондай-ақ құқық қорғау органдары тарапынан зардап шеккендерге көмек көрсету және қорғау шаралары туралы жан-жақты түсіндіріп өтті. Виталий Каверин атап өткендей, мұндай іс-шаралар спортты дамыту тұрғысынан ғана емес, қоғамда зорлық-зомбылықтың алдын алудың тиімді жолы ретінде де аса маңызды.

Турнир жастарға өзара құрмет, әділеттілік пен рухани беріктік қағидаттарын спорт арқылы сіңірудің жарқын үлгісі болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру