Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында соңғы 10 айда 443 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Абай облысында соңғы 10 айда 443 жол-көлік оқиғасы тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысында соңғы 10 айда 443 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 70 адам қаза тауып, 584 бала әртүрлі дәрежедегі жарақат алды.

Осыған байланысты, жолдарда өлім фактісін азайту мақсатында жүргізушілердің мәдениетін арттыруға мүмкіндік беретін қажетті технологиялар мен құралдарды енгізу қажет.

Қараша айының басында Абай облысы полиция департаменті панорамалық бейнетіркеудің және көлік құралдарының қозғалыс жылдамдығын анықтаудың екі мамандандырылған жылжымалы аппараттық-бағдарламалық кешенін – «Ekin Patrol G2» иеленді.

Бұл кешен қызметтік автокөлікке орнатылады. Тоғыз қауіпсіздік камерасы қызметтік көліктің үстіндегі түрлі-түсті жарқылдатқыш құрылғысында орнатылған, оныншы камера автокөлік салонында орналасқан.

«Ekin Patrol» бейнетіркеуді жүзеге асырады және айналасынан алынған деректерді жоғары деңгейде мұрағаттайды, көлік құралдарының нөмірлік белгілерін панорамалық тануды және тіркеуді жүзеге асырады; сектордағы құрылғының көру өрісінің алдыңғы бөлігіне бес жолаққа дейін түсетін көлік құралдарының бағыты мен қозғалу жылдамдығын тіркейді, дәлелді базаны қоса бере отырып, анықталған бұзушылықтың деректер пакетін қалыптастырады және Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімінің процессингтік орталығы» ақпараттық жүйесіне автоматты түрде жібереді.

Қабылданған шаралар жергілікті және облыстық маңызы бар автожолдардағы ЖКО санын азайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру