Абай облысында сот талаптарын орындамаған азамат қоғамдық жұмысқа тартылды
Абай облысында сот талаптарын орындамаған азамат қоғамдық жұмысқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысының 35 жастағы тұрғыны кезекті вахтасына келген кезде, өткізу пунктінде полиция қызметкерлерімен ұсталды. Жеке тінту барысында ер адамнан есірткі заты — кептірілген марихуана салынған қағаз түйіншегі табылды.
Сот ер адамды кінәлі деп танып, оған төлеу мерзімі бір ай болатын жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза тағайындады. Сотталушыға сот шешімін орындамаудың құқықтық салдарлары, соның ішінде айыппұлды неғұрлым қатаң шараға — қоғамдық жұмыстарға ауыстыру мүмкіндігі түсіндірілді.
Алайда, сот талаптарын ескермеген ер адам белгіленген мерзімде айыппұлды төлемеді. Нәтижесінде сот айыппұл түріндегі жазаны 60 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға ауыстыру туралы шешім қабылдады.
Сотталған азамат Бородулиха аудандық пробация қызметінің есебіне алынды. Есепке қою кезінде онымен заңға мойынсұнушылық мінез-құлықты қалыптастыруға және қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған тәрбиелік және құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әңгімелесу барысында ер адам некеде тұрмайтынын және ата-анасымен бірге тұратынын хабарлады.
Сот тағайындаған жазаны орындау үшін сотталған азамат ауылдық әкімдікке қосалқы жұмысшы ретінде жұмысқа орналастырылды. Қазіргі уақытта ол пробация қызметі мамандарының бақылауымен қоғамдық пайдалы жұмыстарды атқаруда — аумақты жинаумен, қар тазалаумен және өзге де абаттандыру жұмыстарымен айналысады.
— Мұндай қабылданған алдын алу шараларының маңызы зор. Пробация қызметінің негізгі міндеті жазаның орындалуын бақылау ғана емес, сонымен қатар қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады. Айыппұлды қоғамдық жұмыстарға ауыстыру — заңды ықпал ету шарасы. Бұл сот талаптарын елемеудің соңы неғұрлым қатаң жауапкершілікке әкелетіндігінің айқын дәлелі, — деп атап өтті Бородулиха аудандық пробация қызметінің бастығы Каскен Бодаев.
— Бұл жағдай мен үшін үлкен сабақ болды және ойлануға мәжбүр етті. Кез келген заң бұзушылықтың салдары болатынын түсіндім. Қазір жағдайды түзеуге тырысып жатырмын және алдағы уақытта мұндай қателіктерге жол бермеймін, — деп бөлісті сотталған азамат.
