Абай облысында сотталған әйел “Абай жолы” кітабына ұқсатып торт пісірді
Абай облысында сотталған әйел “Абай жолы” кітабына ұқсатып торт пісірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысының әйелдер колониясында сотталған әйел «Абай жолы» кітабына ұқсатып тәтті торт пісірді, кондитер әйел өз қиялын кітап түрінде жасап, өзінің шедеврін Абай күніне арнады. Ол кітап түріндегі тортты «Абай жолы» (Путь Абая) романы ретінде көрсетіп, безендірді.
– Бала кезімнен кітап оқығанды ұнататынмын және колонияда кітапханаға жиі барамын, өйткені кітап оқу мені жігерлендіреді, кітап оқығанда мен темір тордың ар жағында екенімді ұмытып кетемін, сөйтіп қиялымды іске асырып тортты кітап түрінде дайындауды шештім және оны «Абай жолы” деген жазумен безендірдім. Мен ұлы ақынның осы романының барлық томдарын оқыдым. Бұл роман маған өмірге деген көзқарасымды қайта өзгертуге және оған басқа жағынан қарауға мүмкіндік берді, – деп бөлісті сотталған.
Әр жылы колония осы ойшыл, ақын – Абай күнін есте қалатындай етіп атап өтуге тырысады, сонымен қатар Абай күнінде біз сотталғандар арасында түрлі іс-шаралар ұйымдастырамыз.
– Бүгін сотталғандар «Абай жолы» роман-эпопеясынан алынған әндерді орындайтын концерттік бағдарлама өткізді, бір сотталған әйел кітап түрінде торт пісіруге ниет білдірді, бізге оның идеясы қатты ұнады және біз оны толығымен қолдадық, – дейді мекеме бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары Анар Сабиева.